jasqazaq.kz

Ұрланған көлікті шекара асырмақ болды

02 маусым 2020, 21:15

Жамбыл облысындағы шекарашылар жеңіл көлікті Қырғызстанға өткізбек болған жүргізушіні ұстады.

«2020 жылы 1 маусымда «Айша бибі» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетіндегі шекарашылар ұрланған «Мерседес-бенц» жеңіл көлігін Қырғызстанға алып өтпек болғандардың жолын кесті. Заңсыз шығару үшін қылмысты ұйымдастырушылар көлікті жүк көлігіне арамен кесілген ағаштардың ортасына жасырған. Жүргізушіде көлік құжаттары болмаған», — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Комитеттің хабарлауынша, табылған жеңіл көлік Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

«Бұл – Айша бибі бекетіндегі көлікті жасырын алып өтпек болған екінші оқиға. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан аумағынан көлікті заңсыз шығаруға жол бермеуге көңіл бөледі» делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия