jasqazaq.kz

Ұрланған көлікпен полицейді қақты (Видео)

25 қыркүйек 2021, 18:23

Қарағанды облысының Жаңарқа елді мекенінен «Митцубиси» маркалы көлікті ұрлап, айдап кеткен күдікті елордада ұсталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті.

«25 қыркүйек күні сағат 13:55-те 102 нөміріне Қарағанды облысының Жаңарқа елді мекенінен таңғы сағат 05:00-де «Митцубиси» маркалы автомобильді айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Қабылданған іс-шаралардың арқасында аталған көлік елорда аумағында байқалды. Автопатрульдерге көлік ұрысын ұстау туралы ақпарат жедел таратылды. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің «тоқта» деген заңды талабына бағындай, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жол жүрісі ережесін өрескел бұзды», — деп атап өтеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Racing Life in Astana® (@racinglifeinastana)

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері күдікті көлікті Ташенов көшесі бойында қоршауға алған. Бірақ, ұрланған көліктің рөлінде отырған күдікті артқа жүріп, полиция қызметкерін қағып кеткен. Полиция қызметкері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«22 жастағы құқық бұзушы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлікті айдап әкетумен қатар күдіктің үстінен ҚР ҚК 380-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды», — деді қалалық полиция департаментінен.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия