jasqazaq.kz

Ұрланған көлікпен қылмыс жасаған

29 қыркүйек 2021, 10:31

Текелі тұрғыны ұрланған көлікпен тағы қылмыс жасаған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айында қала тұрғыны Текелі қалалық полиция бөліміне Mercedes-Benz 709 автокөлігі ұрланғанын айтып шағым түсірген. Қала айналасында орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау кезінде көлік түнде Текеліде жүргені, кейін қаладан шығуға бет алғаны анықталды.

Көлік Ескелді ауданынан табылды. Оқиға орнына жеткенде Текелі қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы көлікті тексеріп, сыртынан саусақ іздерін тапты. Осы арқылы күдікті кім екені анықталды.

Екі күннен кейін күдікті ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның ұрланған көлікпен тасымалданған қант ұрлығы туралы қылмысқа қатысы бары анықталды.

«Күдікті сол түні қаладағы наубайханалардың бірінен қант ұрлаған. Оған қатысты ҚР ҚК 188 және 200-баптарының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді Алматы облысы ДП басшысы Рүстем Мерқұлов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия