jasqazaq.kz

Ұрланған көлігі жайлы ақпарат үшін 2 млн теңге тікті

30 желтоқсан 2017, 17:10

Астана тұрғыны ұрланған машинасының қайда тұрғаны жайлы ақпарат үшін 2 млн теңге уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар Шәмшиев әлеуметтік желіде жариялаған хабарлама интернетті шарлап кетті. Оның айтуынша, қара түсті Lexus LX 570, мемлекеттік тіркеу нөмірі 050 RSA 01, VIN-коды JTJHY00W704083545 машинасын 25 желтоқсаннан 26-сына қараған түнде Күйші Дина көшесі, 25/2-үйдің ауласынан ұрлап кеткен. Хабарламаның авторы ұрылар кем дегенде екеу болғанына сенімді. Өйткені олар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Олар сигнализациядан мәлімет алатын арнайы бағдарламаны пайдаланған. «Соңғы рет машинаны Байырқұм көшесіндегі (қалаға қарай) камера түсіріп алған. Қара түсті бейтаныс Lexus LX 570-тің бәріне назар аударуларыңызды және күдікті машиналар туралы 87770010203, 87770010188 немесе 102 нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймын. Өтініш, егер Көкшетау, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және басқа да шекара маңындағы қалаларда таныстарыңыз болса, осы хабарламаны жіберіңіздерші. Машина тұрған жер туралы хабар үшін 2 000 000 теңге сыйақы беруге уәде беремін», — деп жазды Сапар Шамшиев Фейсбукте.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде