jasqazaq.kz

Ұрланған бала Ресейден табылды

04 наурыз 2019, 18:15

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресейде баласын ұрлап кеткен Қазақстан азаматшасының өтінішіне түсініктеме берді.

«Қазақстандық азамат Дана Амеева өткен жылы бізге баланы қайтаруға көмектесу туралы өтініш білдірді. Ол Ресей азаматына тұрмысқа шығып, Калининградта тұрды. Отбасылық себептерге байланысты олар екі жаққа кетті, сондықтан Калининград қаласының соты баланың анасымен қалуы керек деп шешті. Сот шешімі дұрыс. Алайда әкесі бұл шешіммен келіспей, баланы Беллорусия мен басқа еуропалық елдер арқылы ұрлап, белгісіз бағытта алып кетті», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингіде. Оның айтуынша, бұл мәселе Санкт-Петербордағы бас консулы жүргізген бақылауға алынды, ол бірнеше рет Ресейдің құқық қорғау және сот органдарына жүгінді. Дегенмен, ресейлік тарап әкесі мен баланың қай жерде екенін білмейтінін айтты. «Бір ай бұрын, әкесі мен баласы Калининградтан табылды. Сот шешімі орындалуы үшін дереу жергілікті билік органдарына хабарластық. Сот орындаушысы Дана Амеевамен бірге балан көріп қайтты. Анасы өткен жылдан бері баласын алғаш рет көрді», — деді Әйбек Смадияров. Оның айтуынша, әкесі балаға ресейлік азаматтығын алуға құжаттарын өткізіп қойған. «Егер бала әлі де қазақстандық азаматтығынан шықпаса, Ресей азаматтығына қалай қабылдайды деген сұрақ туындайды. Бұл мәселе өте күрделі, жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанның Санкт-Петербургтағы бас консулы бұл мәселені өз бақылауында ұстайды. Дана Амееваның баласы Қазақстандық азаматтығында, оның бұрынғы күйеуі Ресей азаматтығына ие. Ерлі-зайыпты екі жыл бойы некеде тұрған», — деп хабарлады СІМ өкілі.

Дереккөз: stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда