jasqazaq.kz

Ұрлаған көлігін шетел асырмақ болған

20 желтоқсан 2019, 11:58

Алматы полициясы «Toyota Camry 70» автокөлігін ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қала тұрғындарының бірі Бостандық ауданы полиция басқармасына 17 желтоқсанда көлігінің ұрланғанын айтып, арыз жазған. Көлік ұрлығы бойынша ҚР ҚК 200-бабымен іс қозғалып, іздестіру шаралары жүргізілді. «Сотқа дейінгі тергеу барысында көлікті айдап әкеткен күдікті жәбірленушінің танысы екені белгілі болды. Ол көлік иесінің сеніміне кіріп, автокөліктің кілтін үйінен ұрлап шыққан. Ол «Toyota Camry 70» көлігімен өзінің ауылына барғысы келгенін айтты. Алайда ол кейін ұрланған көлікті Қырғызстанға апарып сатпақ болғанын да жоққа шығарған жоқ», — дейді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев. Күдікті 19 желтоқсан күні кешке Алматы-Тараз тас жолының бойында ұсталды. Ол Мерке ауданына автокөлікті жалған мемлекеттік нөмір тағып, жеткізбек болған. Жамбыл облысының полиция департаментімен біріккен операция барысында табылған автокөлік иесіне қайтарылды. Қазір 24 жастағы жігіт Алматы қалалық ПД уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Бұған дейін, Алматыда соңғы бірнеше айда Toyota Camry автокөліктерінің ұрланғандығы туралы жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде