jasqazaq.kz

Ұрлаған ақшасына Toyota Camry 70 сатып алған

28 мамыр 2020, 11:33

Нұр-Сұлтан тұрғынына жалданып, жүргізуші болып жұмыс істейтін ер адам өзінің жұмыс берушісінен ақша ұрлап, оған қымбат көлік сатып алды.

70 жастағы Нұр-Сұлтандық зейнеткер жергілікті ЖШС директоры. Ақпан айында жүргізушісі «Хюндай Сантафе» көлігін ұрлап әкеткен екен. Ал көліктің ішінде 23 млн теңге болған. Сол күні жәбірленуші жүргізушісімен бірге банкке келіп, пәтер алу үшін депозитінен 23 млн теңге шығарып алыпты. Ақшаны барсеткаға салып, бардачокқа қойған. Сосын құрылыс компаниясының кеңсесіне көтеріліп бара жатқанда жүргізушісінің кетіп бара жатқанын байқайды. Бірден телефон шалған, жүргізуші көлікті басқа жерге қоямын деген. Содан ізін суытыпты.

Жүргізушісінің ақшамен бірге құрығанын тез түсінген зейнеткер полициядан көмек сұрады. Полицейлер көлікті бір сағаттың ішінде тапты. Бірақ барсетканы өзімен ала кеткен жүргізуші жоқ.

– Тергеу барысында 26 жастағы жүргізушінің 2017 жылы көлік ұрлағаны үшін істі болғаны анықталды. Онымен бірге тұратын әйел де кезінде ұрлық жасаған адам болып шықты, – дейді криминалды полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

Әлгі ұры ақыры 26 мамырда Павлодарда ұсталып қалды. Toyota Camry 70 деген қымбат көлік теуіп жүр. Оны зейнеткерден ұрлаған ақшаға сатып алғанын мойындады. Ұры қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

zakon.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі