jasqazaq.kz

Қырғызстанда теракт жасауға дайындалған ДАИШ содыры ұсталды

07 қыркүйек 2017, 16:01

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті теракт жасауға дайындалған ДАИШ содыры ұсталғанын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

«Қырғызстан МҰҚК халықаралық террористік ұйымдардың диверсиялық-террористік топтарын анықтауға бағытталған контртеррористік шара барысында «ДАИШ» мүшесі, 1988 жылғы Д.С.есімді қырғыз азаматы ұсталды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу болжамы бойынша, ұсталған азамат мемлекеттік маңыздағы іс-шараларды өткізу кезінде теракт жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында одан қолдан жасалған жарылғыш заттың бөлшектері табылды. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ДАИШ содыры МҰҚК тергеу изоляторына қамалды.

Мемлекеттік комитет жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде