jasqazaq.kz

Қырғызстан тұрғындары шетелдік студенттерді тізерлетіп қойып, кешірім сұратты (видео)

11 маусым 2017, 14:30

Қырғызстанның Нарын қаласында жергілікті тұрғындар Орталық Азия Университетінің студенттерін тізерлетіп қойып, кешірім сұратты. Бұл туралы НТС ТРК телеарнасының YouTube-арнасында жарияланған сюжетте айтылады.

Айта кетейік, бұл университетті Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан ханзада Кәрім Аға-хан бірігіп ашқан. Бұған 27 мамырда өткен баскетбол жарысынан кейін студенттердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соққаны себеп делінеді. 8 маусымда Нарын қаласының жастары университет ғимаратына жиналып, ЖОО студенттерін жазалауды талап еткен. Сондай-ақ, олар студенттерді елден көшіріп жіберуді талап еткен. Акция кезінде біреу студенттерге қарай үстел лақтырған. Біраз уақыттан кейін студенттер мен ЖОО оқытушылары тізерлеп отырып, кешірім сұраған. Осыдан кейін наразы жастар кетіп қалған. Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша құқық қорғау органдары «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Істі Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков өз бақылауына алды. Turmush басылымының мәліметінше, келесі күні Нарын жастары оқу мекемесінің тізерлеп отырған мұғалімдерінен кешірім сұраған. «Біз бүгін мұнда оқытушылардан кешірім сұрау үшін келдік. Жарыс кезінде қақтығысқа қатысқан студенттерді елден көшіру туралы талабымыз болды. Біздің талап орындалды. Екі студент елден шығарылды. Қалған студенттермен келісім тауып, татуласуға дайынбыз», — деп келтіреді басылым жастардың сөзін.

https://youtu.be/fuRIm0Gcmfg

tengrinews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді