jasqazaq.kz

Үндістанда жарылыстан 46 әскери қызметші қаза болды

15 ақпан 2019, 17:44

Үндістаннның Джамму және Кашмир штатында болған теракт салдарынан ондаған адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ВВС-ге сілтеме жасап.

Оқиға 14 ақпан күні Пульвама округінің маңында болды. Жанкешті лаңкес 78 көліктен құралған әскери колоннаның жанынан өте бере 350 кг жарылғыш зат орнатылған машинаны жарып жіберген. Соңғы ақпаратқа сәйкес, ажал құшқандар саны 46-ға жетті. Үндістандық әскерилер Джамма қаласынан Шринагарға бара жатқан. Колоннада жалпы 2,5 мың әскери қызметші болған. Машина 42 адам мінген автобустың тұсында жарылған. Лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті Кашмир өңірінің Пәкістанға қосылуын қолдайтын «Джаиш-е-Мухаммад» исламшыл тобының жасақтары алды. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде