jasqazaq.kz

Үндістанда жай түсіп, 26 адам қаза болды

03 шiлде 2020, 11:28

Үндістанның шығысындағы Бихар штатында бейсенбі күні жай түсіп, 26 тұрғын мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hindustan Times басылымына сілтеме жасап. Бихарда қайғылы жағдай үшінші рет қайталанып отыр. 25 маусымда түскен найзағай салдарынан 92 адам, ал 30 маусымда 11 адам қаза тапқан. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, төтенше жағдай қызметі қауіптің жоғары деңгейін жариялағанына қарамастан адамдар күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде де егін алқабында жұмыс істеуін тоқтатпайды. Бихар үкіметінің министрі Нитиш Кумар қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар ол аймақта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап жатқандықтан штат тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде