jasqazaq.kz

Үндістанда «Яас» дауылы әлек салды

27 мамыр 2021, 16:46

Үндістанның шығысында ойран салған «Яас» дауылы батысқа ойысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одиша және Батыс Бенгалия штаттарында табиғи апаттан 5 адам қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдары құрбандар қатары бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Үлкен су 128 ауыл мен негізгі жолдарды шайып кеткен. Желдің екпіні сағатына 140 шақырымға жеткен. Билік зардап шеккендерге азық-түлік пен ауыз су жеткізіліп, уақытша баспана берілетінін мәлімдеді. Кейбір аймақтарда вакциналау ісі тоқтап қалды. Дауыл келгенге дейін 3 жарым миллион адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Сарасти Бехера, жергілікті тұрғын: – Жел үйімнің шатырын жұлып, алып ағаш құлады. Төтенше жағдай қызметкерлері әлі келген жоқ. Енді 2 баламмен қаңғып, қайда бармақпын?! Күйзеліп тұрмын. Абишек Патнайк, жергілікті тұрғын: – Вакцина салдыруға алдын ала жазылып, әжемді ертіп келіп едім. Бірақ босқа келіппіз. Дауылдың кесірінен вакциналау 3 күнге шегерілді.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия