jasqazaq.kz

Үндістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 11 адам қаза болды

17 сәуiр 2022, 12:10

Үндістанның солтүстік-шығысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы NDTV арнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Биліктің мәліметінше, Ассам штатында 14 сәуір, бейсенбі күні кешке қатты дауыл болып, арты нөсерлі жаңбырға ұласты.

«Жұма күні кешке қатты дауыл салдарынан Дибругарх қаласындағы Керни ауылында төрт адам қайтыс болды. Дибругарх ауданындағы Тингконг ауылында найзағай кезінде кем дегенде төрт адам қайтыс болды. Бейсенбіде Барпет аймағында дауыл салдарынан тағы үш адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 15 жасар бала Гоалпар аймағында найзағайдан қайтыс болды. Қатты дауылдан кейін Тинсукияда үш адам қайтыс болды», — деді Дип джоти Хатикакоти, Ассам табиғи апаттарға қарсы күрес бөлімінің (ASDMA) қызметкері.

Тинсукия комиссарының екінші орынбасары Дипу Кумар Дека дауыл кезінде көптеген үйлердің зақымдалғанын айтты. Оның айтуынша, адамдар әлі де мемлекеттік мекемелерде жасырынып жатыр.

ASDMA бюллетенінде дауыл соңғы бірнеше күнде ондаған ағаштар мен ондаған электр бағандарын тамырымен жұлып кеткенін айтады. Ведомствоның мәліметінше, соңғы екі күнде штатта кем дегенде 7 378 үй мен басқа да нысандар зақымданған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр