jasqazaq.kz

Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті (видео)

22 тамыз 2018, 15:33

Үндістанның Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап. Билік өкілдері 3 500 лагерь құрды, онда табиғи апаттан зардап шеккен 1,2 миллион адам қоныстанды. Шенеуніктердің мәліметінше, мыңнан аса адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Штатта жауған жаңбыр мөлшері маусым мен қыркүйек айларының аралығында жауатын жаңбыр мөлшерінен 40 пайыздан асқан. Соңғы он күнде жауған нөсер жаңбыр жауғаннан кейін, шенеуніктер оннан аса қауіпті бөгетті ашып жіберген. Кераланың бас министрі Пинарайи Виджаян бұл жағдайды Үндістан тарихында болған ең ірі апат деп бағалады. Босқындардың қоныстанған мекені Швейцарияның жер көлемімен бірдей болған.

Reuters мәліметінше, адамдардың тұрып қалған судан тараған жұқпалы ауруларды жұқтырған-жұқтырмағанын тексеріп жатыр екен. Кей жерлерде судың деңгейі 60 сантиметрден асады. Апатты жою үшін 1,4 миллиард доллар қаражат тартылады.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді