
Үндістанның түрлі өңірлерінде толассыз жауған муссон жаңбырынан туындаған су тасқыны бес күнде 174 адамның өмірін қиды. Бұл туралы The Times of India басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Газеттің жазуынша, кешегі жексенбінің өзінде 33 адам көз жұмғын. Тасқын елдің оңтүстік-батысындағы Керала, батысындағы Гүжарат штаттарына көп залал келтіріп жатыр. Соңғы күндері Кералада 15, Гүжаратта 11 адам қаза тапқан. Соңғы кездері Үндістанның оңтүстігі мен батыс жағалауларында муссон жаңбыры құйып тұр. Ал шілде айында муссон жаңбыры елдің шығысына алапат шығын әкеліп, жүздеген адамның өмірін қиған еді, бұдан тыс 10 миллионнан астам адам зардап шеккен.