jasqazaq.kz

Үндістанда Махатма Гандидің күлі ұрланды

04 қазан 2019, 16:40

Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткері Махатма Гандидің күлін Мадхья-Прадеш штатындағы мемориалдан ұрлап кетті.

Бұл туралы Тенгри ньюс lenta.ru India Today басылымына сілтеме жасап хабарлады. Саясаткердің 150-жылдық мерейтойы тойланған күні «Бапу Бхаван» музейінен оның күлі жоғалғаны мәлім болған. Сондай-ақ, беймәлім адамдар елде «ұлт әкесі» саналатын Гандидің суретінде «сатқын» сөзін бояумен жазып кеткен. Ақпаратты жергілікті депутат Гурмит Сингх хабарлады. «Бұл Гандиді өлтірген Натхурам Годзені ұнататындардың ісі сияқты. Мұндай өшпенділікті дереу тоқтату керек және полиция қылмыскерлерді анықтау және ұстау үшін тез әрекет етуі керек», – деді ол. Полиция қызметкерлері шағым түскеннен кейін тергеуді бастаған, қазір олар бақылау камераларына түскен видеоларды зерттеп жатыр. Махатма Ганди зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы болған. Ганди аштық жариялау арқылы ең төменгі каста өкілдерінің құқығын қорғаған. Ол ұлтшыл Натхурам Годзенің қолынан өз үйінің алдында 1948 жылдың 30 қаңтарында қаза тапқан. Осыдан кейін оның денесі кремацияланып, күлі бірнеше бөлікке бөлінген.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда