jasqazaq.kz

Үндістанда Ленин ескерткішін бұзып тастады

06 наурыз 2018, 14:42

Трипура үнді штатында «Бхаратия джаната парти» атты ұлттық партия жақтаушылары Белония қаласындағы Владимир Ленин ескерткішін бұзып тастады
Куәгерлердің айтуынша, экскаватор көмегімен ескерткішті жерге құлатқан соң, одан басы ажырап кеткен көрінеді. Үнді партия жақтаушылары құлап кеткен ескерткіш басымен футбол ойнауға кіріскен.

Үнді Коммунистік партиясының өкілі өз кезегінде, ұлттық партия мүшелерінің бұл әрекетін коммунсттік фобия деп санайтынын айтып, билік өкілдерін болып жатқан оқиғаларға уақытылы әсер етуге шақырды.

Коммунистік партия жақтаушылары болса әлеуметтік желілерге коммунизмге қолдау жазбаларын жарысып қалдырып жатыр. Олардың айтуынша, Ленин ескерткішін бұзғанымен олар ұлы тұлғаны жүректен алып тастауға қауқарлары жоқ.
Ескерткішті бұзу Үнді шататында өткен сайлауға толық қатысы бар. Сайлау нәтижесіне байланысты «Бхаратия джаната парти» Коммунистік партиядан дауыс есебінен асып түскен. Айта кетейік, Коммунистік партия Трипура шататында 25 жыл бойы билік басында болған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде