
Police officials investigate after the fire broke at Government District general hospital at Bhandara ,near 70km from Nagpur, India, Saturday, Jan. 9, 2021.A fire broke out in the intensive care unit of a government-run hospital in western India early Saturday, killing 10 infants, police and news reports said.(AP Photo/Str)
Махарашта штатындағы ауруханада болған өрт кезінде 10 нәресте қаза тапты. Бұл туралы NDTV телеарнасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Телеарна хабарлауынша, өрт сенбі күні 02:00 шамасында Бхандара округіндегі аурухананың жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бөлімінде басталған. Сол сәтте ауруханада 17 сәби болған.
Құтқарушылар жеті нәрестені аман алып қалды, бірақ олардың арасында зардап шеккендер бар. Ал кішісінің туғанына бірнеше күн болған, үлкені үш айлық 10 бала газдан уланып, көз жұмды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Болжам бойынша, электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болған.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. «Махараштра штаты, Бхандарада өте қайғылы оқиға болып, біз нәрестелерімізден айырылдық. Мен қаза тапқандардың отбасымен біргемін. Зардап шеккендер тез арада сауығып кетеді деп үміттенемін», — деп жазды премьер өзінің Twitter парақшасында