jasqazaq.kz

Үндістанда ауа тазарту ісі қолға алынды

06 қараша 2018, 16:13

Үндістанда ауаны жасанды жаңбыр технологиясымен тазарту ісі қолға алынады. Бұл жоба алдымен Делиде жүзеге асады.

Ауаның ластануын бақылау жөніндегі басқарма мамандары мәселені жіті зерттеп, оны қарашаның 10-нынан бастап жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Арнайы ұшақтар бұлтқа жауын шақыратын заттар шашады. Осы арқылы Делиді тұмшалаған түтін сейіліп, ауадағы зиянды қалдықтардың мөлшері төмендейді. Күз айларында фермерлердің астық жинаудан кейін бидай сабақтарын жағуы — ауаның ластануына себеп болып отыр. Уша, жергілікті тұрғын: — Таңертеңнен бері ауа лас, түтін. Тіпті көзіңді аша алмайсың. Балалар сабағына бара алмай жатыр. Өзім далаға шығып едім тынысым тарылып, көзім ашыды. Лиза, австралиялық саяхатшы: — Таңертең қаланы аралайын деп көшеге шығып біраз жер жүрген соң қонақ үйге қайта оралуға тура келді. Өйткені ауа тым лас, дем алу қиын. Есіме еріксіз елімдегі таза ауа түсіп, Австарлияда бұл бағытта көп жұмыс атқарылып жатқанына көзім жетті.

24.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді