jasqazaq.kz

Үндістан мен Қытай арасындағы әскери қақтығыстан ондаған адам қаза болды

17 маусым 2020, 11:28


Ладакхтағы Галван аңғарының аумағында Үндістан мен Қытай әскерлерінің қақтығысы салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар көп.

Бұл туралы Үндістан армиясының мәлімдемесі мен дереккөзге сілтеме жасап ANI агенттігі жазады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Қақтығыс 16 маусымға қараған түні Үндістан-Қытай шекарасының орнын басатын бақылау сызығында болған. Бұл жерде 45 жылдан бері бірінші рет әскер қайтыс болды.

16 маусым кешке Үндістан мен Қытай бақылау сызығында қарулы күштері бір-біріне қарсылық білдірген.

«Борышын өтеп жатқан үндістандық 17 әскер қақтығыс кезінде қатты жарақат алған. Таулы аймақтағы ауа қысымы мен алған жарақаты салдарынан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті. Үндістан армиясы территориялық бөлінісін және елдің егемендігін қорғайды», — делінген Үндістан армиясының мәлімдемесінде.

Қақтығыстан кейін ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь Қытай қарсылық білдіргенін және шекарадағы жағдайға байланысты Үндістанға дәлелдерді ұсынғанын мәлімдеді. Бейжің тарапы Үндістан әскерилері келісімді бұзып, шекарадан өткен және қытайлық әскерлерге шабуыл жасап, қақтығыс туғызғанын хабарлады. Ал Үндістан СІМ қақтығыс қытайлық әскерлердің Галван аңғарындағы бақылау сызығын сақтауды біржақты өзгерткісі келгені үшін қақтығыс шықты деп хабарлады.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия