jasqazaq.kz

Үндістан азаматы алматылық таксиге 50 мың теңге төлеген

20 желтоқсан 2018, 14:05

Оңтүстік астанаға келген Үндістан азаматынан такси жүргізушісі 25 мың теңге алса, полиция қызметкерлері тағылмаған қауіпсіздік белдігі үшін 100 доллар айыппұл салған. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бұл хикаяны Үндістандық серіктесін қабылдаған Сана Жандаева баяндаған.

«Отандастарым үшін қатты ұялдым! 12-ші желтоқсан күні компаниямызға Үндістаннан серіктесіміз келген. Қарсы алушы адам екеуі кездесе алмай, серіктесіміз такси алып қонақүйге баруға бел буған», — деді Сана.
Қонақүй Назарбаев-Сатпаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Такси жүргізушісі әйел адам болған. Ол шетелдік азаматты 1000 теңгеге жеткізуге келіскен.

Үндістан азаматы орыс тілін жақсы меңгерген. Кеңес үкіметі кезінде ол Мәскеуде оқыған екен.

Жолда такси көлігін МАИ қызметкерлері тоқтатып, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін Үндістан азаматына айыппұл салған.

«Полиция қызметкерлері ер адамнан 700 доллар талап еткен, ал шындығында бұл ережені бұзған үшін 12 мың 25 теңге айыппұл белгіленген», — деп шырылдады Сана Жандалиева.
Такси көлігін жүргізген әйел мәселені шешіп беремін деп Үндістан азаматынан 100 доллар алған. Ал қонақүйге жеткізген кезде жолаушыдан 25 мың теңге талап еткен. Мұндай қомақты соманы такси жүргізушісі әр шақырым үшін мың теңге төлеу керек деп түсіндірген.

«Қонағымыз таңғалса да, ақшаны төлеген», — деді Сана.
Абырой болғанда такси жүргізген әйел адам өзінің телефон нөмірін жазып беріпті, соның арқасында қонақүй қызметкерлері онымен хабарласып, Үндістан азаматына 10 мың теңгесін қайтарып берген.

Осылайша әуежайдан қонақүйге жетуі 50 мың теңгені құраған.

«Ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадым. Отандастарым үшін мың мәрте кешірім сұрауға тура келді. Қаншалықты ыңғайсыз жағдайда қалғанымды сөзбей айтып жеткізе алмаймын», — деді Сана Жандалиева.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер