jasqazaq.kz

Ұлытаудағы дала өрті: 3 ауылда Төтенше жағдай жарияланды (Видео)

05 шiлде 2021, 12:54

Дала өртінің өршуіне байланысты Ұлытау ауданының үш ауылдық — Жангелді, Ақтасты, Амангелді округінде Төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында 17 дала өрті тіркелді. Қазіргі кезде17 дала өртінің 10-ы сөндірілді. Оның үшеуі Ұлытау ауданының аумағында, екеуі Бұқар Жырау ауданының аумағында, біреуі Шет ауданында, екеуі Нұра ауданында, біреуі Осакаров ауданында және біреуі Қарқаралы ауданының аумағында. Табиғи өрт ошақтарын сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-8» тікұшағы жіберілді. Сондай-ақ өрт сөндіру жұмыстарын күшейту үшін Қарағандыдан 40 адам және үш бірлік техника (екі вахтовка және командалық-штабтық машина) шықты. Жаңаарқа кентінен 10 тонналық автоцистерна жіберілді. Сонымен қатар Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан ер адамның өртенген денесі табылды. «4 шілдеде Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде 1998 жылы туған ер адамның өртенген денесі табылды. Көз жұмған адам ерікті өрт құрамы қатарында болмаған және дала өрттерін сөндіруге тартылмаған. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде», — деді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия