jasqazaq.kz

Ұлытауда қаңғыған иттер қорадағы қойларды талап кеткен

23 қазан 2022, 12:22

Ұлытау облысында қаңғыған иттер ұсақ малға ауыз сала бастады. Ұлытау ауылы тұрғының қорасына түнделете түскен иттер 10 шақты қойды талап, арам қатырған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Таң ата қойды өріске айдауға шыққанда мал иесі сұмдық көрініске тап болған. Иттер адамды көре сала жан-жаққа қашыпты. Қойлардың бір бөлігі шарбақты бұзып далаға шығып кеткен екен. Иттер қойдың бірсыпырасын жемтік қылса, қалғанының сау тамтығын қалдырмай талаған. Тіпті көрші үйдің де қорасына кіріп екі ешкіге ауыз салған. Таланған қойларды бауыздағанымен, ит тісі тиген ет жеуге келмейтіні мәлім. Мал иесі соңғы кездері қаңғыған иттер ауылдың берекесін кетірді дейді. Бұған дейін қозы-лақты сүйреп кетіп жүрген.

Жандос Қапет, Ұлытау ауылының тұрғыны:

— Осы оқиға бойынша Ұлытау село округінің әкіміне өтініш хат жаздым. Әкімнің жауабына қарасақ, заң жүзінде иттерді атуға, улауға болмайды екен. Ал егер ол иттер малға емес, адамға, балаға шапса не болады? Қырылған малдың құнын кім төлейді?

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр