jasqazaq.kz

Ұлытау облысында жол-көлік апатынан 3 адам қаза тапты

07 шiлде 2022, 11:46

Ұлытау облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 шілде күні сағат 17.00-де Қарағанды-Жезқазған тасжолында, Шет ауданы Ақой ауылынан бес шақырым жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағандыдан келе жатқан Mercedes-Benz көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, 48 жастағы ер адам басқарған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де, олардың бірінің 54 жастағы әйелі де көз жұмды. Chevrolet Cobalt жүргізушісінің 44 жастағы әйелі мен олардың 18 және 7 жастағы балалары медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық