
Ұлдың жағдайы белгілі, ол махаббаттан басы айналып, сезімге мас болған сәтте ешкімнің сөзін құлағына ілмеуі мүмкін.
Бір жағынан, ұлыңыздың шешіміне үзілді-кесілді қарсы болып, оны өзіңізге қарсы қоймаңыз. Өйткені, ұлының жан-дүниесіне үңілмегендіктің салдары да өкініп қалуыңыздың кепілі болуы да ықтимал.
Қарапайым мысал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) алғаш рет 25 жасында үйленгенде оның жары Хадиша анамыз 40 жаста болған. Жас айырмалары 15 жас. Атақты жұлдыздардың да аса үлкен жас айырмашылығымен үйленіп жатқандарының да куәсіміз. Солардың барлығы бірдей үйлесімсіз жұп, бақытсыз отбасы деп айта алмас едік. Сондықтан, бір жағынан алып қарағанда егер жас айырмашылығының айтарлықтай ара-қашықтығына қарамай ол таңдауын лайық деп тапса келісім бергеніңіз де жөн шығар.