jasqazaq.kz

Ұлының көзінше туған анасын өлтірген

29 қазан 2018, 12:15


Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар келіншек өз ұлының көзінше туған анасын өлтіріп тастады.
Sn.kz жазғандай, бұл оқиға Әбілқайыр хан көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған. 17 тамызда түннің ортасында ұйқысынан тұрған 83 жастағы зейнеткер, немересі мен қызының үстіне көрпе жаппақшы болады. Алайда сол сәтте психикалық ауытқуы бар 45 жастағы қызы анасын ұра жөнелген. Айқайдың даусынан оянып кеткен 20 жастағы немересі әжесін ұрып жатқан анасын көреді. Ол анасын қарт кісіден әрең ажыратып алған. Сөйтіп жедел жәрдем шақырып, әжесі ауруханаға жатқызылады. Бірақ қатты соққы алған қарт ана 10 күннен кейін қайтыс болып кеткен.

Тексеру барысында өз анасын ұрып өлтірген әйел туылғаннан бері ақыл-есі кем екені анықталды. Ол 1984 жылдан бері тіркеуде болған.

Облыстық психикалық денсаулық орталығы меңгерушісінің Ақмарал Балюнованың айтуынша, әйел көп уақыттан бері ем алмаған. Ол анасын бір ай бұрын да ұрған. Тіпті сол үшін стационарда ем алып шыққан екен.
Бұл қайғылы оқиға 20 жастағы жігіттің психикасына да кері әсерін тигізіп, ол стационарда арнайы ем алған. Ал анасы болса, психикалық ауруханаға жарты жылға жатқызылатын болады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді