jasqazaq.kz

Ұлын жұмысқа алған әкім жазаланды

31 мамыр 2019, 16:41

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылының әкімі ұлын көлік жүргізуші етіп жұмысқа алғаны үшін сөгіс түрінде жаза алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Facebook әлеуметтік желісінде Сенек ауылының әкімі жеке шаруаларына қызметтік көлікпен баратыны, жүргізушісі өзінің баласы екені және баласы қалада жұмыс істейтіні жөнінде жазба жарияланған. Әдеп кеңесіне келген әкім ауылда басқа көлік жүргізушісі табылмағандықтан ұлын село әкімінің қызметтік көлігіне жүргізуші етіп жұмысқа алғанын, қызметтік көлік әкімшілік аумағындағы шаруашылық қожалықтарына баратынын және баласы басқа серіктестікке ауысымдық жұмысқа орналасқаннан кейін табельге тек жұмысқа келген күндерін ғана көрсетіп отырғанын жеткізді. Алайда, қосымша тексеру кезінде Сенек ауылы әкімдігінің аппаратынан «Көлік жүргізуші» мамандығы бойынша сұраныс болмағаны анықталды. Бұған қоса, серіктестікте ауысымдық жұмысқа орналасуына байланысты автокөлік жүргізуші баласына қатысты жұмыс уақытын қысқарту туралы өкім шығарылмай, тек табельге жұмыс атқарған уақытына сағат белгілеумен шектеліп келген. Кеңес мүшелері әкім Б.Еркеғұловтың өз кінәсін мойындағанын ескеріп, Әдеп кодексінің талабын бұзғаны үшін оған «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда