Ұлылардың ұрпағы ұсақталды

12 маусым 2020, 13:44

Өткен сенбіде Алматыда рұқсат етілмеген митинг өтті. Өзін «қоғам белсендісі» деп есептейтін Ася Төлесова тапа-тал түсте тәртіп сақшысына тап беріп, төмпештей жөнелді. Оның полицияны ұрып жатқанын бейнелейтін видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кейбір әлемжелі қолданушылары мұны билікке, мемлекетке қол көтеру деп бағалады. Қыз баланың еркекке жұдырық ала жүгіруін ерлікке балап жатқандар да шықты. А.Төлесова сот шешімімен 10 күнге қамауға алынды.
Біздегі белсенділер әспеттейтін Америкада полицияға қол көтерсең, ол жерден аман қайтуың екіталай. Атып тастауға хақысы бар. Біздің заң жұмсақ. Тәртіп сақшысы тойтарыс берсе, әлгі белсенділер мен оларды қолдаушылар аттан салады. Алтынның сынығы деп ардақтап, жақсы-жайсаңның ұрпағы деп жарылқап жүргендеріміз мұндай әрекетке неге барады? Бұл заманның азып, ұрпақтың тозуы ма? Осы сауалды біз абыз ақсақалымыз, абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлына қойып көрдік.

Полицияға қол көтеріп жүрген қыз Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың ұрпағы дейді. Қазақтың мемлекеттігі үшін жанын қиған арыстардың, ұлылардың ұрпағы неге бұлай болды? Бұл ойланатын сұрақ.

Мекемтас Мырзахметұлы, абайтанушы ғалым:

Біз – мәңгүрттенген қазақтармыз. Голощекин мен Сталин арнайы бағдарлама жасап, бізді мәңгүрттендірген. «Шыққан тегін, тарихын білмесін. Ол үшін бұлардың жазуын екі-үш рет өзгертіп, мәңгүрт, дүбәра ұлтқа айналдырыңдар» деген. Мен соған түсіп қалдым. Орысшадан басқа түк білмеймін. Не латынша, не арабша оқи алмаймын. Кеңес үкіметі қалай алдаса, солай кеттік. Мен өзімді 100 пайыз мәңгүрттенген адаммын деп айта аламын. Бірақ есімді ертерек жинап алдым. Мәңгүрттіктен құтқарған жол – Өзбекстанда болуым. Ол жақта қандай кітап оқимын дейсің, бәрі ашық тұр. Бізде жабық болды. КГБ-ның рұқсатымен керекті кітабыңды табатынсың. Бірақ артыңа түсіп, ығырыңды шығаратын.
Санаулы зиялылардың ұрпағы болмаса, мәселен, Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар сияқты бірен-саран асылдың сынықтары болмаса, жалпы қазақ мәңгүрттенді. Әсіресе, қазақтың шоқжұлдыздай ұлыларының көбінің ұрпағы ұсақталды. Бұлар не саясатты түсінбейді, не мемлекеттің жүйесін білмейді. Ешнәрсені білмегендіктен, түсінбегендіктен де бұлар қауіпті. Өйткені кім айтақтаса соған ереді, кім жел берсе, соның жағына жығылады. Олардың миында өздері кімнің сойылып соғып отырғанын түсінетін, ақ пен қараны ажырататын «программа» жоқ.
Митингілердің алдыңғы «шебінде» ылғи әйелдер жүр. Оларға біреулер ақша беріп, қаржыландырып отырған болуы да мүмкін? Қоздырушылардың құрбандығы сияқты көрінеді маған. Қазір ешнәрсеге таңдануға болмайды. Оның үстіне, қазақ әйелдерінің табиғаты қатайып кетті, «еуропаланып» бара жатқандаймыз.

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды