jasqazaq.kz

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырған

11 наурыз 2020, 10:25

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі, депутат-консерватор Надин Дорриске коронавирус диагнозы қойылды. Бұл туралы ВВС https://www.bbc.com/news/uk-51827356 агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Доррис – коронавирус жұқтырған парламенттің алғашқы мүшесі. Оның ағзасынан вирус табылғаннан кейін ол барлық ұсынылған сақтық шараларын қабылдап, үй карантинінде қалды.

Оның хабарламасында Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі депутатпен байланысқа түскен адамдарды іздеу басталғаны айтылған. Доррис өзімен бір үйде тұратын 84 жастағы анасының денсаулығына алаңдаулы екенін хабарлады. Сейсенбі күні депутаттың анасы жөтеліп ауырған.

Денсаулық сақтау министрлігі Дорристі ауру белгілері бейсенбі күні пайда болғанын мәлімдеді. Сол күні ол премьер-министр ұйымдастырған Даунинг-стрит шарасында болған.

Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі Ұлыбритания бойынша барлығы 25 000 тест жасағанын айтып өтті.

Ұлыбританияда вирустан алты адам көз жұмды. Осылайша ауырғандар саны 382 адамға жетті. Олардың ішінде Англияда 324 адам, Шотландияда 27, Солтүстік Ирландияда 16 және Уэльсте 15 адам.

Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияға Италиядан келгендердің барлығына 14 күнге өзін-өзі оқшаулауға кеңес берді.

British Airways Италияға және кері қарай ұшатын барлық рейсті 4 сәуірге дейін тоқтатты және компания қызметкерлерінен ақысы төленбейтін демалыс алуларын сұрады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия