jasqazaq.kz

Ұлыбританияда ұшаққа найзағай түсті (видео)

12 ақпан 2020, 12:12


Ұлыбританияда ұшаққа найзағай түсті. Видеода ұшып бара жатқан лайнерге найзағай түскені анық көрінеді. 

Aer Lingus әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Бирмингем әуежайынан ұшып шығып, Дублинге бағыт алған. Осы кезде «Сиара» дауылынан кейін туындаған қолайсыз ауа райы тіркелген. Ұшақ жаңбырда ұшып бара жатқан, осы кезде оған найзағай түседі. Видеода ұшақ бағытынан сәл жылжып, бұрылады да ұшуды ары қарай жалғастырады.
Әуекомпания өкілдері ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін найзағай түскенін растады, алайда бортта отырған жолаушылар зардап шекпеген және ұшақ Дублинге сәтті қонған.
Желі қолданушылары мұндай әуелайнерлері қолайсыз ауа райында ұшуға бейімделген, оның ішінде найзағай түскеннің өзінде ұшақ ары қарай ұшуды жалғастыра береді. Авиацияда мұндай жағдайлар жиі кездеседі екен.
Еске салайық, осыған дейін «Сиара» дауылы кезінде ұшақтың экстремалды жағдайда қонғанының видеосы пайда болған еді. Онда желдің екпіні сағатына 150 шақырым болған.

Tengrinews.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия