jasqazaq.kz

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар және өлім күрт өсті

30 қыркүйек 2020, 12:13

10 ай бұрын жаңа коронавирустың қытайлық Ухань қаласында анықталған кезден бері бүкіл әлем бойынша Covid-19 инфекциясынан құрбан болғандар саны бір миллионға жетті. Бұл туралы ВВС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Солтүстік Америкада 308 мыңнан астам адам, Оңтүстік Америкада 250 мыңға жуық адам, Еуропада 221 мың адам, Азияда – 190 мың адам қайтыс болды.

Қауіпті вирустан ең көп зардап шеккен ел – АҚШ (210 мыңдай адам), екінші орында Бразилия (142 мың адам), одан кейін тізімде Үндістан (96 мыңнан астам адам), Мексика (76 мыңнан астам адам) және Британия (42 мыңнан астам адам) тұр.

Сейсенбі күні Британияда соңғы 28 күнде ковид анықталған тағы 71 адамның өлімі тіркелген – бұл соңғы бірнеше айдың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Британияда вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны – 42 072 адам.

Өткен тәулік ішінде тағы 7143 оқиға анықталған – бұл Британиядағы жаппай тестілеу басталғаннан бері бір тәулік ішіндегі рекордтық көрсеткіш. Сарапшылар көктемде ауруға шалдыққандар санының өсімі әлдеқайда жоғары болғанын, бірақ сол кезде тестілеу көбінесе аурудың ауыр белгілері болған адамдарға ғана жүргізілгенін шамалап отыр. Британияда ковид диагнозы 439 адамнан расталған.

Пандемия басталғаннан бері, 188 елде 33,5 мыңнан астам аадм ауруға шалдықты. 25 млн жуық адам жазылып шыққан, шамамен 7,5 млн адам қазіргі кезде ем қабылдап жатыр, соның ішінде 65,3 мың адам ауыр немесе өте ауыр халде жатыр.

«Өлім деңгейінің төмендейтін белгілері жоқ. Өкінішке қарай, ол вакцина пайда болмағанша сол деңгейде қалып отыратын шығар», — деп мәлім етті Би-би-си агенттігіне Мельбурн қаласындағы Тұрғындар мен жаһандық денсаулық мектебінің басшысы Нэнси Бакстер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия