jasqazaq.kz

Ұлы мен келінінен айырылған отбасында тағы бір адам менигококк жұқтырған

08 маусым 2018, 10:51

Менингококк инфекциясын жұқтырып бес жастағы ұлы мен 19 жастағы болашақ келінінен айырылған Аида Ахметованың інісі ауырып жатыр. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады. Диагноздың расталғаны туралы таяуда белгілі болған.

5 жасар Димаштан менингококк инфекциясы табылғаннан кейін Ахметовтер отасының мүшелерінен анализ алынған. Биохимиялық тексеруге бес күн кетті. Аида Ахметова ұлы Димашпен Айжан Наурызбаева Кеше анализдердің қорытындысын алдық. Барлығымыздың анализіміз таза, ал менің інімнің, Айжанның жігітінде диагноз расталды, ол менингококк инфекциясын жұқтырған. Қазір ол Алматыдағы ауруханада жатыр. Жағдайы дұрыс, ЖРВИ секілді, тамағы қызыл. Інім 2001 жылғы», — деді Аида Ахметова. Жігіттің ауруханаға түскені туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы растады. «2001 жылғы науқас ауруханаға түсті. Оның менингококк назофарингит жұқтыру қаупі бар. Біз үшін ең қауіптісі менингококцемия, алайда жігіттің диагнозы ондай емес. Ол ересектерге арналған инфекциялық ауруханада жатыр», — деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Эльвира Ибрагимова. Сонымен қатар, менингококктан қайтыс болған 27 жастағы өрт сөндіруші Олжас Сүлейменовтің бауыры да өз жағдайын бөлісті. «Қазір ауруханадамын. Өзім келдім. Менің дене қызуым көтерілді», — деді Ерболат Сүлейменов. 5 жастағы Димаш Ахметов маусымның 1-нен 2-не қараған түні қайтыс болған еді. Олар 3 маусымда таңғы 09:00-де баламен байланыста болған болашақ келіндерінің қайтыс болғанын естіген. Алматылық 27 жастағы өрт сөндіруші Олжас Сүлейменов 3 маусымда қайтыс болды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді