jasqazaq.kz

«Ұлы дала — көшпенділер әлемі» фестивалі өтуде (фото)

07 маусым 2019, 15:30

     «Ұлы дала — көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалін бүгін  15 мыңнан аса адам көруге келді. Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған айтулы шара Алматының «Боралдай сақ қорғаны» археологиялық саябағында өтті. Этнофестивальге келген — Мажарстан, Моңғолия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха, Тыва, Алтай Республикасы халқының өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, көшпенді халықтың мәдениеті мен салт- дәстүрін таныстырды.

«Ұлы дала — көшпенділер әлемі» этнофестивалі әсіресе жастарға еліміздің тарихына терең бойлауға, Алматы қаласының туристік аймақ ретінде дамуына үлес қосу маұқсатында өткізіліп отыр. Екі күн ішінде көрермендер асау атты үйрету әдісімен танысып, қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысып, салт-дәстүрге қанығып, ұлттық ойындардың куәсі болады.

Одан бөлек фестиваль қонақтары этно-фольклорлық «Сазген сазы» ансамблі, «Ұлытау», «Алашұлы», «Самрад» топтарының өнерін тамашалады.

 

Мақпал Ноғайбаева

Фото автордан

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді