jasqazaq.kz

Ұлттық ұлан жауынгері жол апатына түскен жүргізушіні құтқарды

12 қыркүйек 2020, 16:03

Оралда 5517-әскери бөлім жауынгері Иса Нұрғалиев жол апатына түскен жүргізушіге медициналық жәрдем көрсетіп, құтқарып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, оқиға 11 қыркүйек күні сағат 19.30 шамасында «Орал» халықаралық әуежайы маңында болды.

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, соның салдарынан бірнеше рет аударылып түскен. Жүргізуші автокөлікке қыстырылып қалып, өздігінен шыға алмаған.

Сол сәтте 5517-әскери бөлім командирінің орынбасары, майор Мельс Дулатбаев пен келісімшартпен қызмет ететін әскери бөлім медициналық пунктінің маманы, қатардағы жауынгер Иса Нұрғалиев «Сұңқар» оқу орталығынан қайтып келе жатқан. Олар оқиға орнына шұғыл жетіп, қыстырылып қалған ер адамды босатып алған. Содан кейін Иса Нұрғалиев жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен.

«Жүргізуші ашық бас-ми жарақатын алып, едәуір қан жоғалтқан екен, қан қысымы да төмен болды. Қиын жағдайда қалған адамға жәрдем беру бәріміздің борышымыз деп білемін», деді Иса Нұрғалиев.

Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен кәсіби қызметі үшін И.Нұрғалиев «Батыс» өңірлік қолбасшысына ынталандыруға ұсынылды.

«Қазіргі кезде жарақат алған жүргізуші облыстық ауруханада жатыр, жағдайы орташа», деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Сұлтанов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия