jasqazaq.kz

Ұлттық ұлан сарбазын ұрып, итін ұрлап кеткен күдікті ұсталды

18 қантар 2022, 10:25

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде полицияның итін ұрлап кеткен күдікті ұсталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 5 қаңтар күні Ұлттық ұланның сарбазы, ефрейтор Рүстембек Байқарашев жарақат алып, Найтс атты итін жоғалтып алды.

«Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды, сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған иісшіл итімді алып кетті. Есімді жиған соң полиция қызметкерлеріне қылмыскерді суреттеп бердім. Оны бүгін қамауға алыпты», — деді ефрейтор.

Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында шаһарға жақын жерде 1989 жылы туған А.есімді азамат ұсталды. Жоғалған қызметтік ит күдіктінің ауласынан табылды. Қазір ұсталған азаматтың қайғылы оқиғалар кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Кинолог сарбаздың айтуынша, Найтс — өте ақылды, мейірімді және тәртіпті ит.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр