jasqazaq.kz

Ұлттық ұлан академиясындағы атыс алаңында жұмысшы жараланды

06 сәуiр 2022, 12:18

Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери атыс полигонында құм шығарып жатқан жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі оқиғаның 4 сәуірде болғанын нақтылады. Академияда АК-74 автоматынан практикалық ату өтті.

13.00-ден кейін құм қазушыны оқ жарақатын алғандығы туралы хабарлама түсті. Жағдай нақтыланғаннан кейіналғашқы медициналық көмек көрсету үшін кезекші фельдшері бар жедел жәрдем көлігі жіберілді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ол академияның жедел жәрдемімен Петропавл ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Зардап шегушінің жағдайы тұрақты және қанағаттанарлық деп бағалануда.

Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне шығарылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінде атап өтілгендей, құм өндіру академия басшылығының келісімінсіз шығу кеңістігі аймағында, атап айтқанда, ойпатты жерлерде жүргізілген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр