jasqazaq.kz

Ұлттық парктерді ластағандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғаяды

29 маусым 2022, 10:57

Ұлттық мемлекеттік табиғи парктерді ластағандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғаяды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне осындай түзету енгізілмекші. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Мәжілісте Қазақстанның Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобалары бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Құжаттарды Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев таныстыруда.

«Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтарын қорғау мақсатында заң жобаларымен экологиялық залал келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді», — деген министр әуелі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ұсынылып отырған өзгерістерге тоқталды.

Оның айтуынша, жыл сайын сүрек дайындап әкету шараларынан кейін орман пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігі мен санитариялық қағидаларды сақтамауы себебінен орман алқаптарында өрт пен зиянкестерді ошақтары пайда болып жатыр.

«Қазақстан орман аз ел болғандықтан орман пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту қажет. Заңда Әкімшілік кодекстің 368-бабының 2-бөлігінде «Кеспе ағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгіленген тәртібін бұзу» ерекше қорғалатын табиғи аумақта жасалған іс-әрекеттер үшін айыппұл сомасы ұлғайтылады», -деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол ұлттық парктерді қатты тұрмыстық қалдықтармен ластаудың өзекті проблемаға айналғанын атап өтті. «Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қоры жерлеріне өзге де залал келтіргені үшін айыппұлдар мөлшері ұлғайтылады», — деді Серіқали Брекешев. Аталған норма Әкімшілік кодекстің 372-баптың 4-бөлігіне еніп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде