jasqazaq.kz

Ұлттық өнерге — даңғыл жол

01 наурыз 2019, 11:55

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы мақсат – міндеттерді іске асыру аясында, халқымыздың рухани құндылықтары мен тамыры тереңде жатқан ұлттық мәдениетімізді өркендету мақсатында, елімізде тұңғыш рет «Ұлттық өнер» факультеті ашты.

Салтанатты шарада Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемеров: «Қадірменді ағайын, құрметті қонақтар! Бүгінгі шараны біздің ұланғайыр мемлекетіміздің мәдени кеңістігінде, рухани өміріндегі ерекше бір елеулі оқиға деп ойлаймын! Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлт өнері мен мәдениет жолдарының ұлықтаудың бүкіл механизмдері көрсетілген. Сол көтерілген мақсат міндеттерді жүзеге асыру үшін, осы факультетті ашу, қажеттілігі туындады»- деді

Қазіргі таңда аталған оқу ордасы елімізге танымал, ұлттық музыкалық өнерімізді, ұлттық мәдениетімізде, дәстүрлі өнерімізді дәріптептейтін шәкірттер тәрбиелеуде. Бүгінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» мен «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедраларының түлектері, ел мәдениетін әлемге әйгілеп, Халықаралық, Республикалық өнер додаларда топ жарып жүр. Студенттерге республиканың мақтанышына айналған П.Момынов, Р.Стамғазиев, Н.Жанпейісов, М.Әбуғазы, Т.Мұқышев, С.Бапанова, Р.Базарбаева, Е.Даубаев сынды кәсіби мамандар бастаған, тәжірибелі оқытушылар білім береді.
Шараға Қазақтсанның Халық артисі Сара Тыныштығұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Пернебек Момынов, Құрманғазы оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов, Отырар сазы оркестрінің көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева және Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Пернебек Момынов: «Жаңадан ашылып жатқан бұл «Ұлттық өнер» факультеті ел мәдениеті үшін айтулы оқиға. Жастар жылында жастарға жол ашып жатқандарыңызға дән ризамын. Бұл қазақ өнерін бүкіл әлемге паш етуге, үлкен мүмкіндік!- деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Шара барысында қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі Рамазан Стамғазиев Ақан серінің өзі қолданған домбырасын қолға алып автордың репертуарындағы әндерін шырқата салды.

Мақпал Ноғайбаева
Фото: Ғалия Қалиева

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда