jasqazaq.kz

Ұлттық нақыштағы сән киім үлгілерінің көрмесі өтуде

13 маусым 2022, 18:19

Шымкентте қала күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтіп жатыр.

Аталған іс-шара «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қаламызда алғаш рет қолға алынып отыр. Қазақи нақышқа толы көрмені тамашалауға Алматы және Шымкент қаласы сән үйлерінің өкілдері мен дизайнерлері және қала тұрғындары келді.

– «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалін өткізудегі мақсатымыз – Ұлы Дала мәдениетінің бірден-бір мұрагері қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің қолданысын аясын кеңейту және жас ұрпаққа дәстүрлі киім үлгілерін ұсыну болып отыр. Сонымен қатар қаламыздағы ұлттық киім индустриясында қызмет атқаратын жас дизайнерлер мен зергерлердің қолынан шыққан бұйымдары — дәстүрлі киімдер мен әшекейлер, ат-әбзелдері, құрақ көрпе, күнделікті тұрмыста қолданатын дүниелерді кеңінен танымал ету. Бүгінгі іс-шарада балалар мен қариялар нео-этно стиліндегі ұлттық киімдер шеруін өткізеді. Одан бөлек Мирас, Ақсукент, ОҚМПУ жоғары оқу орындарының сән мектептері өздерінің топтамаларын таныстырады,- деді «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова.

Қазақи сән киім үлгілерін дәріптеген бұл іс-шарада 9 коллекция көрсетіледі. Оның ішінде 4 топтама «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігіне тиесілі.

Айта кетсек, биыл Шымкент қаласының республикалық маңызды қала мәртебесін алғанына 4 жыл толады. Қала күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл күнді мерекелеу 14 маусым күнінен бастау алып, Тәуелсіздік саябағында «Фан клубтар» шеруі мен «Би батл» фестивалі өтеді. 15 маусым – «SHYMKENT NOMAD FILM FEST» қысқа метражды фильмдер фестивалі, «Ортағасырлық Шымқала керуені» және «Музейдегі түн» тарихи іс шарасы ұйымдастырылады.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде