jasqazaq.kz

Ұлттық құраманың үш ойыншысы жарақат алды

06 қыркүйек 2021, 16:41

Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиулиннің денсаулықтарында кінәрат бар. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан – Украина матчынан кейін Руслан Валиулин мен Марат Быстров жарақат алғаны белгілі болды. Медициналық тексерістен кейін олардың Босния құрамасына қарсы матч өткізуі неғайбыл болып отыр. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған. Ал Руслан Валиулиннің сіңірі созылған.

Финляндия — Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.

Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Команда дәрігері ертең ойын алдында нақты шешімін айтады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия