jasqazaq.kz

Ұлттық кеңес: Кімдер шықты, кімдер кірді?

03 наурыз 2020, 14:16

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдер қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткері, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов, қоғам қайраткері, «Мазмұндама» ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков, «Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова, заңгер, «Ізгілік елшісі» республикалық еріктелер қозғалысының жетекшісі, заңгер Айнұр Сәбитова кірді», — делінген хабарламада.

Алайда ұлттық кеңестің құрамынан Э. Әзімова, А. Саин, Б. Палымбетов, А. Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылды.

Айта кетейік, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылға 12 маусымда құрылды. Оның алғашқы отырысы 2019 жылға 6 қыркүйекте өтті.

Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, жетекші қазақстандық сарапшылар кіреді. ​Қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы осы жылдың сәуірінде өткізілмек.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия