jasqazaq.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

09 мамыр 2020, 16:33

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр.

18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн. Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.

Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия