jasqazaq.kz

Ұлттық банкте теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді

03 қыркүйек 2020, 15:03

Қазақстан Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің айырбас бағамына қатысты жағдайға түсініктеме берді.

«Әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюы, күзде жоспарлы қызмет көрсетуге мұнай өңдеу зауыттарының жабылуы және ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемін біртіндеп қайтаруы 2020 жылғы 2 қыркүйекте мұнай құнына айтарлықтай қысым көрсетті. Мұнай бағасы бір күнде 1,20 долларға немесе 2,61 пайызға төмендеді. Энергия тасымалдаушылар нарығындағы құбылмалы жағдаймен бірге дамушы елдердің валюталары да құнсызданды, мысалы, Индонезия мен ОАР валюталары бір күнде тиісінше 1,2 пайызға және 1 пайызға төмендеді.

Теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамы мұнай бағасының төмендеуінен және дамушы елдер валюталарының әлсіреуінен кейін де төмендеуімен әрекет етті: қазақстандық қор биржасындағы сауда-саттық барысында 11:00-ге арналған бағам бір доллар үшін 420,35 теңге деңгейінде қалыптасты, бұл алдыңғы күннің жабылуына қарағанда 0,44 пайызға төмен», — деп Ұлттық банктің баспасөз қызметі монетарлық операциялар департаменті директорының сөзін келтірді.

Нұржан Тұрсынханов 2 қыркүйектегі еуропалық сессия барысында Ресей рублінің күрт әлсіреуі Германия билігінің Алексей Навальный «Новичок» тобының жауынгерлік затымен уланған деген мәлімдемесі аясында болғанын атап өтті.

«Бұл мәлімдеме нарық ойыншыларының Батыс елдерінің ықтимал санкциялары туралы алаңдаушылығын тудырды, нәтижесінде Ресей валютасы 2,3 пайызға айтарлықтай әлсіреді.

Бұл ретте рубль бойынша теріс сентимент басқа дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге тікелей әсер еткен жоқ. Олардың әлсіреуі, атап өткенімдей, әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюына және мұнай бағасының құлдырауына байланысты», — деді ол.

3 қыркүйектегі таңғы сессияның қорытындысы бойынша доллар 420,35 теңгені құрайды. Бір күнде оның құны 2,06 теңгеге өсті: кеше кешке шетел валютасы 418,29 теңгеден саудаланды.

Бұл мамыр айының ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ол кезде америкалық валюта биржада 422 теңгеге бағаланды.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде