
Сенаторлар Ғалымжан Пирматовтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сенаторлар алдында Ұлттық Банк төрағасының лауазымына Ғалымжан Пирматов ұсынылды. Оны таныстырған Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов денсаулығына байланысты Пирматовтың өзі отырысқа келе алмағынын айтты.
Ғалымжан Пирматов 1972 жылы дүниеге келген. Ресей және Қазақстанның жоғарғы оқу орнындарында білім алған. Мамандығы — математик.
Әр жылдары түрлі қаржы ұйымдарында қаржы директоры қызметін атқарған. Соның ішінде, “ҚазАтомӨнеркәсіп” АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болған. Осы лауазымына дейін “ҚазАтомӨнеркәсіп” компаниясының басқарма төрағасы болды.