jasqazaq.kz

Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жариялады

09 наурыз 2021, 15:44

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,00%болады. Шешім азық-түлік нарықтарындағы сақталып отырған теңгерімсіздіктерге, сыртқы сектордағы жоғары белгісіздікке, сондай-ақ инфляцияның жылдамдау тәуекелдерінің болуына байланысты экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделген. Халықтың инфляциялық күтулері тұрақталмаған және жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар тұтынушылық сұраныс тарапынан дезинфляциялық әсердің біртіндеп әлсіреуі күтілуде, бұл эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жағдайында экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты болады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия