jasqazaq.kz

Ұлттық банк «Цеснабанкке» қатысты мәлімдеме жасады

07 ақпан 2019, 12:15

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Цеснабанк» АҚ-тың қаржылық тұрақтылығына байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Үкімет пен Қазақстан Ұлттық банкі іске асырған шаралар кешені және «Цеснабанк» АҚ-қа жаңа инвестор тарту «Цеснабанк» АҚ-ты қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта банкте Қазақстан Ұлттық банкінің ең төменгі талаптарынан асатын капиталдандыру және өтімділік көрсеткіштері бар. «Цеснабанк» АҚ өтімділігі жоғары активтердің елеулі қорына ие, бұл банкке клиенттер мен кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», — деп атап өтеді О.Смоляков Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған түсініктемесінде. Оның атап өтуінше, банк міндеттемелерінің көпшілігі банкті қорландырудың тұрақты базасымен қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді сипатқа ие. Бұны банк облигацияларының депозиттерге арақатынасы көрсетіп отыр. Ол жүйе бойынша 20 пайыздан аспайтын орташа көрсеткіштен бірнеше есе артық. «Сонымен қатар, «Цеснабанк» АҚ кредит портфелінің құнсыздануынан болған барлық ықтимал шығындарды өтеу үшін жеткілікті сомаға қосымша провизия қалыптастырды. Сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ бұрын Қазақстан Ұлттық банкі ұсынған тұрақтандыру қарызын толық көлемде өтеді. Осылайша, «Цеснабанк» АҚ толық қалыпқа келтіріліп, әдеттегі режімдегі қызметін жүзеге асыруды және клиенттері мен салымшылары алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырады», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда