jasqazaq.kz

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануының себебін түсіндірді

13 тамыз 2018, 14:06

ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы 13 тамыздағы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 доллар 363 теңгені құрады. Бұл өткен күндермен салыстырғанда, теңге 15 АҚШ долларына өсіп немесе 1,8%-ке дейін құнсызданды. Бұл дамушы елдер валюталарының жалпы әлсіреуі нәтижесінде болып жатқан құбылыс», — деді ҚР Ұлттық банкінен. Дамушы елдердің ақша нарығындағы жағдай геосаяси шиеленістен туындап отыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың Ресей, Қытай, Түркия сияқты елдерге салып отырған санкциялық саясатының көрінісі. Бұл дипломатиялық қатынастардың шиеленісуіне әкеліп отыр. «АҚШ долларының әлемдік қаржы нарығындағы жалпылама нығаюы байқалады. Бұл экономикадағы оң тенденцияның ықпалында АҚШ Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін көтеру жағдайлары болжануда. Бұл факторлар дамушы елдердің нарығындағы капиталдың дамыған елдер нарығына құйылуына ықпал етті», — деді Ұлттық банктен. Айта кетейік Ұлттық банк теңге бағамын еркін айналымға жібергені белгілі. Сондықтан да теңге курсы фундаменталды факторлардың ықпалымен, нарықтық жағдайға сай қалыптасады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді