jasqazaq.kz

Ұлттық банк Елордаға көшеді

22 мамыр 2019, 12:15


Болашақта Ұлттық банк Алматыдан астанаға көшіріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Құжатта айтылғандай, 2020 жылы қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту агенттігін құрып, Ұлттық банктің бірқатар функциясын осы жаңа органға беру көзделіп отыр.
Досаев жаңа агенттікті құру Ұлттық банкті қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асатынын атап өтті.
«Ұлттық банктің бірқатар функциясы мен өкілеттіктері жаңа агенттікке ауысады. Бүгінгі штаттан шамамен 500 адам осы агенттікке ауыстырылады», — деді ол.
Оның айтуынша, агенттік Алматы қаласында болады. Осы кезде мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин болашақта Ұлттық банкті Нұр-Сұлтан қаласына көшіру жоспарда бар ма деген сұрақ қойды.
«Ондай жоспарымыз бар», — деді Досаев.
Ұлтық банк сияқты жаңа агенттік те республика Президентіне тікелей бағынады және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда