jasqazaq.kz

Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізеді

11 маусым 2019, 17:22

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев депозиттерге қатысты өзгерісті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бас банкирдің сөзіне қарағанда, шетел валютасын ел ішінде ұстап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктер үшін депозиттің жаңа түрі енгізіледі. Оны ұлттық банктің өзінде ашуға болады.

«Валюталық активтерді ел ішінде сақтауды ынталандыру үшін жаңа құрал ретінде 1 шілдеден бастап банктердің ұлттық банктегі валюталық депозиттері енгізіледі. Мұндай депозиттердің мерзімі – бір ай. Ал жылдық мөлшерлемесі 0,5 процентке дейін болады», — деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, кепілдік беру қоры ұсынған қазақстандық депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме өзгеріп отыр.

«Халықтың теңгедегі мерзімді емес депозиттері бойынша ұсынылған мөлшерлемені 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 10,5%-тен 9,8%-ке дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, биыл 1 маусымнан бастап он екі ай және одан жоғары мерзіммен шетел валютасындағы жинақ пен мерзімді депозиттер бойынша 2 процентке дейін көтерілді. Бұл шара банктердің міндеттемелерін ұзартуға бағытталған», — деп атап көрсетті Досаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда