jasqazaq.kz

Ұлттық банк алтынның неліктен арзандап жатқанын түсіндірді

24 қыркүйек 2020, 10:34

Ұлттық банктің монетарлық операция департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов алтын нарығындағы жағдайды түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Кейінгі екі айда бірінші рет алтынның бағасы трой унциясына 1900 доллардан төмен түсіп кетті. Ұлттық банктің монетарлық операция департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов сары металл нарығындағы жағдайды түсіндіріп, бұл жағдай Ұлттық банктің резервіне қалай әсер ететінін айтып өтті.

«23 қыркүйекте алтынның бағасы трой унциясына 1865 доллар деңгейінен төмен түсіп кетті. Бұл – қыркүйектің басындағы бағаға қарағанда 100 долларға немесе 5 пайызға аз. АҚШ тарапындағы оң экономикалық мәліметтер, Еуроодақ пен Ұлыбритания елдеріндегі коронавирус жұқтырған азаматтар көбейеді-ау деген үрей, сонымен бірге Чикаго федералдық резерв банкі басшысының АҚШ-та инфляция 2 пайыздық орташа деңгейге жеткенше ставканы көтеру туралы пікірі – доллардың индексін сегіз апталық максимумға итермеледі. АҚШ-та доллардың күшеюі әлем нарықтарында алтынның тартымдылығын төмендетті. Алтынның бағасы осы жылдың шілде айынан бергі минимумды көрсетіп тұр», — дейді ол.

Оның айтуынша, COVID-19 жаһандық пандемиясы мен дамыған елдердің орталық банктерінің оған жауап ретіндегі монетарлық саясаты биыл алтынның бағасына едәуір әсер еткен. Ал алтынның бағасы тамыз айында тарихи максимумды көрсетіп, жыл басынан бері 36 пайызға қымбаттаған. Қазіргі бағаның коррекциясына қарамастан алтын инвестициялық актив ретінде жыл басынан бері 24 пайыздық өсімді көрсетіп, көш бастап тұр.

«Алтын бағасының кейінгі күндердегі ала-құлалығы айдың қорытындысы бойынша Ұлттық банктің алтын валюта резервінің қайта бағалануына әсер етуі мүмкін», — деді Нұржан Тұрсынханов.

Қазіргі уақытта COVID-19 індетінің екінші толқынының қаупі сақталып тұр. АҚШ пен Қытай арасындағы саяси текетірес, АҚШ-та сайлаудың жақындауы – бағаның турбуленттігіне әкелуі ықтимал. Алтын дәстүрлі түрде стратегиялық инвестиция болып қала береді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді